Канело неге ең мықты боксшылармен айқаспайтынын айтты

©instagram.com/canelo

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 KO) әйгілі Million Dollaz Worth of Game шоуында сұхбат берді. 

Қыркүйекте Канело WBA желісі бойынша міндетті қарсылас пуэрториколық Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жекке шығады. Берланга өз салмағында ең мықты 10 боксшының қатарына кіретіндігіне қарамастан, жанкүйерлер мен сарапшылар Альварестің қарсылас таңдауына наразы. 

Сұхбат кезінде Саульге "чемпиондар өзіне қарсылас таңдамай, ең мықтылармен айқасқаны бокс үшін жақсы болмай ма?" деген сұрақ қойылды. 

Сонда Канело былай деді:

"Қараңыз... Карьерасының бір кезеңінде боксшылардың бәрі солай жасады. Де Ла Хойя, Флойд Мейвезер, Хулио Сесар Чавес, Майк Тайсон да... Бәрі солай істеді... Дегенмен бокста түрлі деңгей бар. Жұлдыздар және супержұлдыздар бар. Ал маңыздысы супержұлдыздар титулдар арқылы пайда болмайды, супержұлдыздар арқасында титулдар пайда болады". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар