Қазақастанда АЧ-ге іріктеу өтеді: бұл турнирде басқа ереже болады

©Спортты дамыту дирекциясы

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан "Мықтылар турнирі" өтеді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болады. Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг қатысады.

2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі. Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады. Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport