Британиялық сарапшы Махмұт Сабырханға қатысты жағымсыз болжамын айтты

©instagram.com/boxingkazakhstan

Британиялық бапкер әрі бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс қазақстандық Махмұт Сабырханның Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсету мүмкіндігіне баға берді. 

"Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен Махмұт 57 келіде өнер көрсетеді, ал бұл салмқата өзбекстандық мықтылардың бірі Абдумалик Халоков бар.

"57 келіге дейінгі салмақта Абдумалик Халоков Махмұт Сабырханмен қатар фаворит болып отыр. Бірақ Сабырхан 57 келідегі ең мықтылардың бірі деп есептемеймін. Қазақ боксшы олимпиадалық бірінші іріктеу турнирінде жолдаманы иеленді, дегенмен, оның Асрор Вохидовты жеңгені даулы боды. Ал енді мұнан жоғары дәрежедегі қарсыластарға қарсы ол осылай сәтті өнер көрсете алады дегенге күмән бар", - деп жазыпты Тейлор твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар