Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз "Үлкен дулыға" санатындағы бұл турнирдің бірінші айналымында британдық Хизер Уотсонмен кездесті. 1 сағат 55 минутқа жалғасқан кездесуде Дияс 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Енді екінші айналымда ол Сторм Сандерс (Австралия) - Элиза Мертенс (Бельгия) кездесуінің жеңімпазымен жолығады.