WTA
29 қараша 2021 16:10

Зарина Дияс әлемнің үздік 100 теннисшісінің қатарынан шығып қалды

©WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Тізімде Аустралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 14-орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-ші орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер жүздігінен шығып кетті.

Жұптық разрядта үздіктер "үштігін" бұрынғыдай чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-орынға тұрақтаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport