WTA
18 қазан 2021 17:08

Рыбакина мен Путинцева WTA рейтингінде төмендеді

©WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бұрымды теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстандықтардың да орны айтарлықтай өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Көш басында аустралиялық Эшли Барти қалса, екінші сатыда беларусьтік Арина Соболенко, ал үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова қорытындылап тұр.

Қазақстандық Елена Рыбакина 16-шы орыннан 17-ге құлдыраса, Юлия Путинцева да бір саты төмендеп, 44-ші позицияға жайғасты. Зарина Дияс 104-ші атанып, үздік жүздікке жақындай түсті. Анна Данилина 12 саты құлдырап, 212-ші орынға жайғасты. Ярослава Шведова 425-ші орнында қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport