Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Францияда бүгін басталған "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің бірінші айналымында Рыбакина француз қызы Эльза Жакмомен кездесті. 1 сағат 12 минутқа жалғасқан бұл кездесуде қазақстандық теннисші 2:0 (6:4, 6:1) есебімен жеңіске жетті.
Енді Франция ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина жапониялық Ноа Хибино мен сербиялық Нино Стоянович арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.