4-6 қараша аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан "Үлкен Дулыға" кезеңі өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап. Татами төріндегі кезекті бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынаспақ.
Қазақстан құрамасының тізімі мынандай:
Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг);
Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);
Мұнда ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген. Айта кетейік, бұдан кейінгі кезеңді 3-4 желтоқсанда Жапония астанасы Токио қабылдайды.