Күрес түрлері
19 қыркүйек 2023 10:15
 

Тарихи жүлде иеленген 19 жастағы балуан жеңіс қалай келгенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Тарихи жүлде иеленген 19 жастағы балуан жеңіс қалай келгенін айтты ©orda.kz

Белградтағы әлем біріншілігінде чемпион атанған Ризабек Айтмұхан жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Белградтағы әлем біріншілігінде чемпион атанған Ризабек Айтмұхан жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіге дейінгі салмақ финалында 19 жастағы қазақ балуаны әзірбайжандық Осман Нурмагомедовтен үстем түсті. Бұл еркін күрестен Қазақстан тарихындағы бірінші алтын. 

- Бұл жүлдеге қандай күшпен жеттің?

- Құттықтауларыңызға рахмет! Бұл жүлде үлкен еңбектің арқасында келді. Әкем мені таңғы 6-6:30-да оятып алып, жаттықтыратын, кейін спорт мектебіне берді. Тоғыз жыл жаттықтым. Алланың қалауымен Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпион болдым!

- Қазір қандай күйдесіз?

- Әлем чемпионы атанғанымды әзірге толық сезіне алмай тұрмын. Допинг-бақылаудан өткеннен кейін сезім келетін шығар. Үйге жеткенде толықтай сезінетін болармын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!