Күрес түрлері
19 ақпан 09:37
 

Сметов Қазақстаннан кетті: спортшыны кім қаржыландырғаны анықталды

  Пікірлер

blog.share

Сметов Қазақстаннан кетті: спортшыны кім қаржыландырғаны анықталды ©Сали Сабиров

Қазақстанның дзюдо федерациясының президенті Қуаншыбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің сапарын кім қаржыландырғанын айтты, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның дзюдо федерациясының президенті Қуаншыбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің сапарын кім қаржыландырғанын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Tengri Sport порталына берген сұхбатында спорт функционері Сметовтің сапарына федерация қаржы бөле ме деген сұраққа жауап берді. 

"Федерация көмектесетіні анық. Демеушілер көп, федерацияның өзі де белсенді көмектеседі. Жеке Елдос үшін көп нәрсе жасалады. 

Елдос Англияға оқуға кеткеніне қуаныштымын. Ол кәсіпқой спорттық карьерадан бөлек білім алу туралы да ойлайтынын көрсетіп отыр", - дейді федерация президенті. 

Бұған дейін Сметов Лондонға ағылшын тілін үйренуге кеткені хабарланған. Спортшынң айтуынша, ол Англияда 4-5 ай жүріп, кейін елге оралады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!