Күрес түрлерінен Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты Ризабек Айтмұхан жеңіп алған алтын жүлдемен ғана аяқтады, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Грек-рим күресінен сынға түскен балуандардың бірде-бірі жүлдеге талас жүргізе алмады. Балуан қыздар да жүлде еншілей алмады. Лаура Ғаниқызы, Алина Ертөстік пен Зейнеп Баянова 5-орын алды. Осылайша, ұлттық құрама сапында барған 30 балуанның 29-ы жүлдесіз қайтты.
Жалғыз алтын медальды еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан иеленді. Сондай-ақ Алан Оразбеков 5-орыннан көрінді. Нәтижесінде, еркін күрес құрамасы жалпы есепте 8-орыннан көрінді.
Бүгін Тиранада ересектер арасындағы (олимпиадалық салмақта емес) әлем чемпионаты басталады.