Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Париж Олимпиадасына жолдама берілетін соңғы іріктеу турниріне қатысатын бұрымды балуандар тізімен жариялады.
Түркия астанасы Ыстамбұлда өтетін лицензиялық турнирге қатысатын бұрымды балуандар:
50 келі: Лаура Ғаниқызы
53 келі: Марина Седнева
57 келі: Лаура Алмағанбетова
62 келі: Ирина Кузнецова
68 келі: Елена Шалыгина
76 келі: Эльмира Сыздықова
Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері өтеді.