Отандық дзюдошылар Жапонияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

10 желтоқсан 2022 21:00
©olympic

Ұлттық дзюдо командасы Токиода (Жапония) өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар Grand Slam сериясының турниріне қатысқаннан кейін Жапония астанасында тұрақтады. Олар басқа да дзюдошылармен бірлесіп жаттығулар өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен стартта қола медальді 100 келіден жоғары санатында спортшымыз Ғалымжан Қырықбай марапатталған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар