Елена Шалыгина Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарында әйелдер күресінен чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері бұл жолы 65 келіге дейінгілер арасында жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді.
Еске салайық, бүгінгі жарыс күні қазақстандықтар арасында зілтемірші Зульфия Чиншанло алтын және грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов қоржынға қола жүлде салды.