Борьба
20 наурыз 2024 09:28

Олиимпиада чемпионы болған қазақ балуаны 27 жасында көз жұмды

© Instagram/kazakhstan_wrestling

Қазақстандық еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды, деп жазады Vesti.kz күрес федерациясының әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. 

Спортшының өлім себебі айтылмады. Алайда ол АҚШ жеріде көз жұмған екен. 

Мұхамбет - 54 келіде 2014 жылғы жастар Олимпиадасының жеңімпазы. Сол жылы ол жастар арасында Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, 58 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған. 

2016 және 2017 жылдары да жастар арасында Азия чемпионатының күмісі мен қоласын жеңіп алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport