Борьба
19 сәуір 2022 17:27

Мейрамбек Айнағұлов финалда қырғыз балуанына жеңілді

©ҚР ҰОК

Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен ұлттық құрама қоржынына екінші жүлдені салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Ұлан Батырдағы финалда қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен беледсті. Өкінішке қарай 63 келіге дейінгі салмақтың алтыны көрші елге бұйырғанын айта кеткен жөн.

Кездесудің бірінші бөлігі 0:1 есебімен Шаршенбековтің пайдасына аяқталса, екінші айналымда төрешілер Тынар Шаршенбековке тағы да төрт ұпай берді.

Еске салайық, Ақтөбе облысының тумасы спорттық карьреасында Азия чемпионатында төртінші рет жүлдеге ілікті. Алайда осы уақытқа дейін Айнағұлов алтын алмады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport