Күрес түрлері
25 сәуір 2022 17:01
 

Күрестен Азия Чемпионатының жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

  Пікірлер

blog.share

Күрестен Азия Чемпионатының жүлдегерлері қанша сыйақы алады? ©olympic.kz

19-24 сәуір арылығында Моңғолияда өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия Чемпионаты жүлдегерлерінің сыйақы мөлшері белгілі болды. 

blog.share

19-24 сәуір арылығында Моңғолияда өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия Чемпионаты жүлдегерлерінің сыйақы мөлшері белгілі болды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Азия Чемпионатының жүлдегерлеріне 1-орын үшін 2300, 2-орынға 1400 және қола үшін 900 доллар сыйақы беріледі. Сонымен қатар, бапкерлерге арналған бөлек төлемақы жоғарыда айтылған сомаларға тең. Оның ішінде 80 пайыз спортшының жеке бапкеріне, ал жеке және алғашқы бапкерлерге 10 пайыздан тиесілі.

Осылайша, жалпы есеппен Қазақстан құрама командасының спортшылары мен бапкерлеріне үкімет тарапынан 26 551 200 теңге төленеді.

Естеріңізге салайық, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 5 алтын, 8 күміс және 8 қола медаль еншіледі. Медальдар саны бойынша біздің спортшылар Жапония (10 алтын, 2 күміс, 9 қола) және Иран (10 алтын, 2 күміс, 3 қола) командаларынан кейін үшінші орынға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!