Бішкектегі күрес түрлерінен Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесуде жеңілді.
Грек-рим күресінен 67 келіде бозкілемге шыққан Алматбек Аманбеков кореялық балуанмен тең түсті. Бұл белдесу 1:1 есебімен тең аяқталса да, жеңіс соңғы ұпайды алғаны үшін Хан Чжа Чунға берілді.
Бұған дейін 63 келідегі Ғалым Қабдунассаров та қола үшін белдесуде жеңілді.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасында қазір 1 алтын, 1 күміс және 1 қола бар.