Софияда (Болгария) грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді.
Ұлттық құрамаға қоланы Дінмұхамед Қошқар (67) мен Мақсат Сайлау (87) әкелді.