Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Дінмұхамед Қошқар Ыстамбұлдағы соңғы іріктеу турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп жазады Vesti.kz.
67 келіде белдесетін қазақ балуан ширек финалда гүржістандық Рамаз Зоидзеден жығылды - 4:9.
Дінмұхамед бұл жарыста ширек финалға дейін өзбекстандық Махмуд Бакшиллоев пен Еуропа чемпионы Михай Михутты (Румыния) жыққан еді.
Айта кетейік, Түркия астанасындағы соңғы лицензиялық турнирде алғашқы үш орын алған балуандар Парижге жолдама алады.