Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық Юсуф Мациев финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 97 келі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда қытайлық балуанды мерзімінен бұрын айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ, Мациев турнир барысында Түркменстан және Қырғызстан балуандарынан басым түскен.
Бүгін тағы екі қазақ балуаны қола медальға таласады. Олар - Ғалым Қабдунассаров (60 келі) пен Әділхан Сатаев (72 келі).
Әзірге, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар.