Борьба
29 қазан 12:50

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі

©uww.org

Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта күресетін қазақ балуаны Ержет Жарылқасын Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жетті, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Қазақ балуаны жартылай финалда бейтарап спортшы ретінде қатысқан ресейлік Садық Лалаевты 8:0 есебімен айқын жеңіп шықты. Финалда отандасымыз әзербайжан балуаны Нихад Захид Мамадлимен күреседі. 

"Белдесу бапкерім екеуміз ойластырғандай өтті. Бастысы - қарсыласымды төрттағанға жатқызып, әдіс жасау болған. Оған дейін жеткізбей, тез жеңіске жете алдым. Енді қалғаны бір қарсылас. Ертең финалда жинақы күресіп, елге алтын медальмен оралуға барымды саламын", - деді Ержет Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
 
Ержет Жарлықасын жартылай финалға дейін Польша және Франция елінің балуандарын жеңіп шықты. 

Сондай-ақ жарыстың алғашқы күні бақ сынаған Исхар Құрбаев (55 келі) ширек финалда сүрінсе, Мейіржан Шермахамбет (72 келі) іріктеуде, Евгений Поливадов (82 кг) 1/8 айналымда қарсыласына есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport