Күрес түрлері
9 қазан 2021 19:31

Қазақстандық балуан әлем чемпионатындағы күміс жүлдеден кейін олимпиадалық салмаққа ауысатынын айтты

©olympic.kz

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмилә Бақбергенова елге оралды. Жанкүйерлер әлемдік сынның жүлдегерін құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

Жәмила 72 келі салмақта белдесіп, күміс медаль иегері атанған болатын. 

"Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рахмет! Әлем чемпионаты мен үшін күміспен аяқталды. Әрине, алтын алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны күміс екен.

Жапонды Масако Фуруитимен осымен төртінші рет кездесіп, үшеуінде ұтылдым. Оны Иван Ярыгин турнирінде бір рет жеңген екенмін. Ендігі мақсат - олимпиадалық салмаққа ауысу. Содан соң Азия ойындары мен өзге де ірі жарыстарға дайындаламыз", - деді Жәмилә. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport