Қазақстан еркін күрестен Румынияда өткен чемпионатта көш бастады
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы халықаралық Ion Cornianu & Ladislau Simon турнирінде командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Қазақстанның күрес федерациясының баспасөз қызметі.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы халықаралық Ion Cornianu & Ladislau Simon турнирінде командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Қазақстанның күрес федерациясының баспасөз қызметі.
Румыния астанасы Бухарестте өткен турнирде ел намысын 21 балуан қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Әділет Давлумбаев (92) алтыннан алқа тақты.
Ал күмісті Абзал Өкенов (57), Жігер Закиров (79) пен Юсуп Батырмурзаев (125) жеңіп алды.
Дәулет Ергеш (79), Бибарыс Нұрыллаұлы (79), Ислямбек Ислямов (86), Бекзат Үркімбай (97), Серік Бакытханов (92) және Олег Болтин (125) қола медаль иегерлері атанды.
Жарнама