Борьба
4 наурыз 11:20
 

Қазақстан балуандары Тиранадағы турнирде сегіз жүлде алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан балуандары Тиранадағы турнирде сегіз жүлде алды ©instagram.com/kazakhstan__wrestling

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды.

blog.share

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды.

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сегіз жүлде жеңіп алды. Жалғыз алтынды Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) иеленді.  Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) әйелдер күресінде қола медальға ие болды.

Грек-рим күресінде Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыыр (55 келіге дейін) және Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама еркін күрестен де үш жүлде жеңіп алды. Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін) және Рүстем Мырзағалиев (86 келіге дейін) қола жүлде еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!