Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында U17 екінші алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіде белдесетін Камил Куруглиев финалда мажарстандық Муса Арсункаевты жықты (11:0).
Құрама сапында бірінші алтынды 55 келіде Дарын Әскербек жеңіп алған болатын.
Ал Әрсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлде иеленді.