Борьба
26 шілде 2023 17:01

Қазақ дзюдошылары Мажарстанда өтетін Masters турниріне қатысады

©instagram/smetoveldos

4-6 тамыз аралығында Мажарстан астанасы Будапеште дзюдодан Masters санатындағы бәсеке өтеді. Қазақстан құрамасы сапында жарысқа 14 дзюдошы қатысады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Бұл Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі сатыдағы турнир. Сондықтан әр салмақтағы үздік 36 татами шебері ғана қатыса алады.

Мұнда әр салмақта топ жарған спортшы рейтингте 1800 ұпай беріледі. Яғни, Париж Олимпиадасының жолдамасы жартылай қалтада деген сөз.

Ұлттық құрама тізімі:

Ерлер: Елдос Сметов (60 кг), Мағжан Шамшадин (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Əйелдер: Ғалия Тынбаева (48 кг), Аруна Жангельдина (78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг).

Барлығы турнирде 56 елден келген 422 дзюдошы күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport