Қазақ балуан әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрғожа Қайпанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды msports.kz cайты.
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрғожа Қайпанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды msports.kz cайты.
70 келіге дейінгі салмақта күрескен Нұрғожа финалда жапониялық балуан Аоягиді жықты - 5:3.
Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.
Елімізден екінші жыл қатарынан еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді.
Айта кетейік, кеше Нұрғожа Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.
Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын (63 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда қарсыластарына жол берген еді.
Жарнама