Күрес түрлері
4 қазан 2023 16:51

Жапониялық балуан қазақстандықты Азиада алтынына жеткізбеді

©Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында белдесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

67 келідегі финалда қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен белдесіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Мейіржан Азиаданың күміс жүлдегері атанды. 

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 48 жүлдесі бар -  бес алтын, 11 күміс және 32 қола.

27 жастағы Мейіржан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сонымен қоса, ол 2019 және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері (күміс және қола).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport