Жапониялық балуан қазақстандықты Азиада алтынына жеткізбеді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында белдесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында белдесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келідегі финалда қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен белдесіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Мейіржан Азиаданың күміс жүлдегері атанды.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 48 жүлдесі бар - бес алтын, 11 күміс және 32 қола.
27 жастағы Мейіржан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сонымен қоса, ол 2019 және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері (күміс және қола).
Жарнама