Ирандық балуан қазақстандықты екінші рет Азия алтынынан қақты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
87 келіде өнер көрсететін Тұрсыновты финалда ирандық Насер Гасем Ализаде жығып кетті - 5:0.
Еске салайық, Тұрсынов пен ирандық балуан 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында бірінші рет бетпе-бет келіп, ол кезде Ализаде қазақ балуанын 8:0 есебімен жеңген еді.
Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күмісін місе тұтып отыр.
Жарнама