Моңғолия астанасында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлмарал Еркебаева қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының мүшесі үшінші орын үшін өткен белдесуде 76 келіде моңғол қызы Ариунжаргал Ганбаттан басым түсті. Есеп 7:4.
Еске салайық, осыған дейін финалда сынға түскен Мадина Бақбергенова қырғызстандық Мээрим Жұманазарованы жеңді.