Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының белді мүшесі Диас Қален Моңғолиядағы Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз 82 келі салмақтың алтыны үшін Ираннан келген Расул Саде Гармсиримен белдесті. Шиеленісті кездесуде ирандық балуан 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Осыған дейін Ұлан Батырдағы сары құрлық додасында Мейіржан Шермаханбет 67 келіде алтын алса, 72 келі салмақта Абылайхан Әмзеев күміспен күптелді. Сонымен қатар, Ернұр Фидахметов 60 келіге дейінгілер арасында қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске салайық, бүгін 20 сәуірде 97 келі салмақта Санжар Серікхан мен жапон Такихито Цурудо турнирдің қола медалін сарапқа салады.