Әлімжан Сыздықов күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
130 келіге дейінгілер арасында қазақ балуаны Ким Мин Сокпен белдесіп, 9:0 есебімен уақытынан ерте жеңіске жетті.
Аталмыш турнирде Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов, (63 келі) Мақсат Ережепов (77 келі) және Нұрсұлтан Тұрсынов құрама қоржынына жүлде салды.