Борьба
17 қыркүйек 2019 14:27

Әйлдер арасында күрестен үш қазақстандық жартылай финалға шықты және Олимпиадаға бір жолдама жеңіп алды

© olympic.kz
Валентина Исламова Қазақстан астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.  Осылайша, 50 келіде әйелдер арасында Қазақстан құрасына Олимпиадаға алғашқы жолдаманы әперді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші айналымда Исламова франциялық Мартин Сабатиді 11:0 себімен жеңді, ал 1/8 финалда беларуссиялық спортшы Ксения Станкевичтен басым болды. Ширек финалда балуан қызымыз түркиялық Эвин Демирханды жеңді, есеп - 13:2.

Сонымен бірге, жартылай финалға Жәмилә Бақбергенова (72 келі) де өтті. Ол белдесуді бірден ширек финалдан бастап, 11:0 есебмен түркиялық Бесте Алтугтан басым түсті.

Әлем біріншілігінің жартылай финалына 55 келіде Марина Седнева да өтті, спортшымыз польшалық Анна Лукасякты 5:0 есебімен жеңді. Ал бірінші айналымда ол вьетнамдық Ти Ли Киудан басым болған. 

Өкінішке қарай, 53 келіге дейінгі тағы бір Олипиадалық салмақта Татьяна Ахметова белдесу аяқталғанға бірнеше секунд қалғанда екі дүркін әлем чемпионы Ванесса Колодинскаядан жеңілді - 6:7.