Атақты спортшының ұлы Алматыда әйел адам мен күйеуін соққыға жыққан
Алматыда белгілі адвокатты елдің көзінше соққыға жыққан. Бұл туралы зардап шеккен Олег Черновтың жұбайы Анна Димитриевич айтып берді.
Алматыда белгілі адвокатты елдің көзінше соққыға жыққан. Бұл туралы зардап шеккен Олег Черновтың жұбайы Анна Димитриевич айтып берді.
Оқиға Алматыдағы мейрамханалардың бірінің маңында болған екен. Әйел адамның сөзінше, таксиге қарай бет алып бара жатқанда оларға жас жігіт жүгіріп келіп, қыз баланы біреулер ұрып жатқанын айтып көмек сұраған екен.
"Бізден бірнеше метр жерде бір жас жігіт шынымен қыз баланы ұрып жатты. Бірден жүгіріп барып, оны тоқтатпақ болдық. Ол қыз мені құшақтай сала: "Көмектесіңіздер!" деп айқайлап жіберді. Осы кезде ана жігіт бізге ұмтылды. Олег соққылардан жерге құлады. Қайта тұрмақ болған кезде оны тепкінің астына алды. Ол Олегтің басын доптай теуіп жатты. Тура бір еркін күрестен жарыс өтіп жатқандай, бірнеше рет күрес тәсілін жасады. Оны мен тоқтатпақ болғанда, жағымнан ұрғаны сонша, мен ұшып кетіп есімнен танып қалдым. Мен есімді жиғанда полиция да келген", - деп жазыпты Димитриевич Facebook желісінде.
Заңгерлердің сөзінше, оларды соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екен.
Жарнама