Моңғолия астанасы Ұлан Батырда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Мақсат Ережепов қоржынға үшінші жүлдені салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
77 келіге дейінгілер арасында финалда жерлесіміз Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері қырғыз Ақжол Махмудовпен өзара мықтыны анықтады. Белдесудің бірінші бөлігінде Ережепов 1:0 есебімен алға шықса, екінші кезеңде Ақжол Махмудов 1:3 нәтижесін тіркеді.
Еске салайық, осыған дейін Аманғали Бекболатов (55 келіге дейін) пен Мейрамбек Айнағұлов (63 келіге дейін) сары құрлықтың күміс жүлдесін иеленді.