3-4 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен Дулыға додасы өтеді, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты.
Жылдың қорытынды бәсекесінде ел намысын келесі татами шеберлері қорғайды.
Әйелдер – Әбиба Абужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гауһар Ирмағамбетова (52 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Анастасия Маякова (-70 келі), Аруна Жангелдина (-78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі);
Ерлер – Мағжан Шамшадин (60 келі), Есет Қуанов (66 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Мейірлан Максим, Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (-90 келі), Бекарыс Сәдуақас (-100 келі), Нұрлыхан Шархан (-100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі);
Жалпы мұнда 67 елдің 370-тен астам таңдаулы дзюдошысы шеберлік байқасады. Ең көп спортшы 81 келі (ерлер) мен 57 келіде (әйелдер) тіркелген.