Қысқы спорт
20 шілде 2018 09:24
 
Ұсталғандардың бірі Денис Тенді өлтіргенін мойындады

  Пікірлер

blog.share

Ұсталғандардың бірі Денис Тенді өлтіргенін мойындады © Тengrinews.kz

Ұсталған күдікті Денис Тенді өлтіргенін мойындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев оның есімін атады. 

Ұсталған күдіктінің аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Жарнама

Живи спортом!