Қысқы спорт
20 шілде 2018 10:13
 
"Шығарып салмағаным үшін кешір". Денис Тен шабуыл алдында тамақтанған мейрамхана иесі

  Пікірлер

blog.share

"Шығарып салмағаным үшін кешір". Денис Тен шабуыл алдында тамақтанған мейрамхана иесі Сурет: instagram.com/rus_libirry

Денис Тен өзіне шабуыл жасар алдында тамақтанған алматылық мейрамхананың иесі қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлі сене алар емеспін, шынымды айтайын, видеоны қайта-қайта қарап, мұндай болмағандай, қайта кездесетіндей болып отырмын. Өмірінің соңғы сағатында ол өте қуанышты болды, ол айналасына шуақ шашып тұрды, бұл бізге де күш беретін", - деп жазды rus_libirry деген қолданушы Instagram желісінде.

"Тапа-тал түсте, қаланың қақ ортасында, ұрлық, адам өлтіру, бұл қала? Түсіне алмаймын, сене алар емеспін. Сені шығарып салмағаным үшін кешір. Ұзағырақ ұстап қалмағаным үшін кешір. Құшақтамағаным үшін кешір. Ертерек қайтып кетпегеніңе кешір. Байқамай қалғанымды кешір. Кешір, мені, досым", - деп жазды ол.

Денис Теннің өлім алдында түсірген видеосы.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Қазір күдіктілердің бірі сталып, қылмысын мойындады. 

Жарнама

Живи спортом!