Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты елордада өтеді

Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтанда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтанда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел біріншілігі елордадағы "Алау" мұз сарайында 29-31 наурыз аралығында өтеді. Өзара мықтыны еліміздің ұлттық және жастар құрамасының спортшылары анықтайды.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстанның шорт-трек құрамасы Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдап жатыр.
Жарнама