Бүгін Алматыдағы "Халық Арена" спорт және мəдениет сарайында шорт-тректен әлем кубогінің 4-кезеңі басталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл 2022 жылғы соңғы жарыс. Күні бойы өткен іріктеу кезінде ертең жəне бүрсігүні жүлдеге таласатын шорт-трекшілер анықталды. Ұлттық құрама спортшыларының нəтижесі:
Ольга Тихонова, Алина Әжғалиева 1500 метрге жарыста жартылай финалда;
Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова - 1000 метр, ширек финалда;
Əйелдер құрамасы 3 мың метрде жартылай финалда;
Денис Никиша, Абзал Əжғалиев 500 м (1), 500 м (2) ширек финалда. Бұл кезеңде 500 метрге жарыс 2 рет болады.
Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали 1500 метрге жарыста жартылай финалда;
Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов 1000 метр жарыста ширек финалда;
Еліміздің ерлер құрамасы 5 мың метр эстафетада ширек финалдан ары аса алмады. Абзал Əжғалиев, Денис Никиша, Əділ Ғалиахметов пен Мерсаид Жақсыбаев квартеті 3-топта жарысып, Оңтүстік Корея мен Бельгиядан кейін мəре сызығын кесті.
Айта кетейік, бүгін жекелей сында іріктеуден өте алмаған шорт-трекшілер ертең жұбаныш жарысына қатысып, жолдамаға тағы таласа алады.