Қысқы спорт
24 қаңтар 2017 19:03
 
Қысқа Азия ойындарында ту ұстап шығатын спортшымыз анықталды

  Пікірлер

blog.share

Қысқа Азия ойындарында ту ұстап шығатын спортшымыз анықталды ©olympic.kz

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылы Саппородағы қысқы Азия ойындары мен 2018 жылы Пхенчандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатыстатын ұлттық құрама командалардың дайындық мәселелеріне арналған отырыс өтті, деп хабарлайды Қазақстан Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен отырысқа ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҰОК қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті Асқар Мамин, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қысқы спорт түрлерінен ұлттық федерациялардың басшылары қатысты.

Айта кетейік, Қазақ спортшылары Тәуелсіздік алғаннан кейін қатысқан қысқы Олимпиада ойындарында бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазіргі уақытта 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары өтіп жатыр. Олимпиада лицензияларына күрес енді ғана басталуда. 2010 жылы Ванкувер Олимпиадасына қазақстандықтар 8 спорт түрі бойынша 37 лицензияны иеленсе, Сочи қаласындағы қысқы Олимпиада Ойындарына 10 спорт түрі бойынша 52 лицензияға қол жеткізген болатын. Енді 2018 жылы Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада біздің спортшылар лицензия мен жүлделер санын жақсартуды көздеп отыр.

2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталып қойған еді. Жапонияда ел намысын 116 спортшы қорғайды. Олардың ішінде, Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Роман Креч (конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхерд (фристайл) сынды атлеттер, шайбалы хоккейден ерлер және әйелдер командалары бар. VIII қысқы Азия Ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Жиын барысында ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев көптеген спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылардың жеңіске жететін мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Ең бастысы - сол мүмкіндікті пайдалану. Спортшылардың міндеті - лицензияға қол жеткізіп, Олимпиадаға тыңғылықты дайындалу. Әр спорт түрі бойынша кешенді бағдарлама бекітіліп, дайындық жоспарлары әзірлеген. Аталған бағдарламалардың жүзеге асуы бақылауға алынған. Спортшыларды медициналық-биологиялық қамтамасыз ету мәселесі де өз шешімін тапты. Сонымен қатар, антидопинг туралы түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Жарнама

Живи спортом!