Кёрлингтен Қазақстан құрамасы А дивизионындағы орнын сақтап қалды
Канаданың Калгари қаласында алғаш рет керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионат (Pan Continental Championships) өз мәресін жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

А дивизионында сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Канада, Аустралия, АҚШ пен Жапонияға жол берді. Ал топтық кезең аяғында Гонконг (7:5) пен Бразилиядан (13:7) басым түсті. Осының арқасында Ұлттық құрама 7-сатыға тұрақтап, келесі жылы А дивизионында өнер көрсететін болды. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Тылсымай Аллиярова, Анджелина Эбауер (скип), Екатерина Колыхалова (вице-скип), Регина Эбауйер, Мерей Тастемір;
Жапония құрамасы финалда Оңтүстік Кореядан мықты екенін дәледеп (8:6), чемпион атанса, қола медаль АҚШ-тан айласын асырған Канадаға бұйырды.
Жарнама