Зимние виды спорта
13 желтоқсан 2022 16:24

Қазақстандық конькиші Әлем кубогі кезеңінде жүлде жеңіп алды

©kazsports

Бүгін Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің 3-кезеңі аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі 2-жүлдесіне ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын 3-болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі: 7:55.850 секунд.

Бұл жарыста италиялық Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл оның 2019 жылдан бергі Әлем Кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, 2-жарыс күні Надежда Морозова 1500 метрде күміс жүлде алған.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport