Қысқы спорт
19 шілде 2018 17:45
 
"Дұға етіп жатырмыз" - Министр Денис Теннің операциясы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Дұға етіп жатырмыз" - Министр Денис Теннің операциясы жайлы © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Тенге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыдан сұмдық хабар келді. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жансақтау бөлімінде - пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтып алды, шамамен 3 литр  жоғалтты. Алматының орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қолдан келгенін жасап жатыр. Аман алып қалу үшін күресуде. Өте қайғылы, санаға сыймайды. Қазір барлығымыз Денистің сауығып, аман қалуын дұға етіп жатырмыз", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасына.

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған. Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылды.

"Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты", - деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазір спортшыға ота жасалып жатыр. Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Жарнама

Живи спортом!