Қысқы спорт
20 шілде 2018 11:54
 
Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктінің есім аталды

  Пікірлер

blog.share

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктінің есім аталды © Tengrinews.kz

Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Адам өлтірді деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) іздестіріліп жатыр.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арықтау келген. Үстінде қара жейде, сұр түсті джинс, қара түсті аяқкиім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік киіп алған. Ішкі істер министрілігінің өкілдері қандай да бір мәлімет білетіндерден Алматы қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарнама

Живи спортом!