Зимние виды спорта
14 ақпан 2022 18:31
 

Денис Теннің анасы жанжалдан соң вице-президент қызметінен кетті

  Пікірлер

blog.share

Денис Теннің анасы жанжалдан соң вице-президент қызметінен кетті ©ЭК

Қазақстан конькимен жүгіру спорты федерациясының вице-президенті Оксана Тен қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстан конькимен жүгіру спорты федерациясының вице-президенті Оксана Тен қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мұндай шешім ұйымның құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша қабылданған. Құрылтайшылардың жалпы дауыс беруімен вице-президенттердің лауазымдары жойылды. Бұл туралы федерацияның сайтында хабарланды.

"Құрылтайшылар 2021 жылдың қорытындысын шығарып, даму перспективаларын талқылады және федерация құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шешім қабылдады", – делінген федерация сайтында.

Бұған дейін конькимен жүгіру спорты федерациясында жанжал шыққан болатын. Бірнеше жаттықтырушы Денис Теннің анасын пайда көру мақсатында билікті тартып алды деп айыптап, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Ал Оксана Тен брифинг барысында бұл айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтып, құжаттардың барлығы ашық түрде жүргізілетінін алға тартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!