Қысқы спорт
19 шілде 2018 17:18
 
Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды © Vox Populi

Денис Тенге көлік тонаушылар шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 17 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Cпортшы ұрылардың үстінен түскен.

"Тен Денис Юрьевич белгісіз екі адам көлігінен айна ұрлап жатқанда үстінен түскен. Жанжал барысында Денис Тенге пышақ жарақатын алған. Бұл дерек бойынша тергеу басталып, күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Сонымен бірге, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы жайлы мәлімет берді.

"19 шілде сағат 14.56-да жедел жәрдемге  пышақ жарақатын алған адамға байланысты шақырту түсті, оқиға орнына шұғыл түрде бригада аттанды. Науқас Денис Тен жедел жәрдем көлігімен Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді, алдын ала диагноз - "Оң жақ жоғарғы үшінші санының жарақаты. Сан тамырларының жарақаты. Қан жоғалту", - делінген хабарламада.

Ауруханаға түскен сәттен науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды, шұғыл түрде жансақтау шаралары басталып, барлық қажетті мамандардың қатысуымен шұғыл ем жасалып жатқаны хабарланып отыр.

Жарнама

Живи спортом!