Тоқаев Бейжің Олимпиадасында тарихи көрсеткішке жеткен спортшыға үн қатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Олимпиадада шорт-тректен тарихи көрсеткішке қол жеткізген Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Олимпиадада шорт-тректен тарихи көрсеткішке қол жеткізген Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақстандықтар өзіңнің "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында", – делінген жеделхатта.
Бейжіңде қазақстандық спортшыны жүлде жеңіп алу мүмкіндігінен айырды
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.
Жарнама